Түркістан – қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт – Президент

1217

Түркі өркениетін жаңғыртуды Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамын. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

Түркістан – қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт – Президент Фото: inbusiness.kz

"1992 жылы Анкарада өткен алғашқы басқосуда Елбасы түркі елдерінің басшылары бұдан былай киелі Түркістанда кездесіп тұрады деп айтқан. Түркістан – барлық түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт. Бабаларымыз осы өңірде ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Яссауиден діни білім алып, түркі ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан басшысы түркілер Кіші Азияға бет бұрғанда бұл құндылықтар түптамырымызды сақтап, білігімізді бекем ұстауға негіз болғанын баса атап өтті. 

"Біздің мақсатымыз - түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамын. Сол себепті бүгінгі саммит "Түркістан түркі әлемнің рухани астанасы" деп аталып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу