Түркістан мен Өзбекстанға ортақ турпакет ойластыру ұсынылды

903

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Өзбекстанның бас консулы Аброр Фатхуллаевпен кездесіп, халықаралық туризмді дамыту мәселелерін талқылады.

Түркістан мен Өзбекстанға ортақ турпакет ойластыру ұсынылды

"Өзбекстандағы туризмінің дамуын және оның Түркістан облысына жақын орналасқандығын ескере отырып, біз қалаларымыздағы шетелдік туристердің қызығушылығын арттыратын бірлескен туристік пакеттерін құруды ұсынамыз", – деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Өз кезегінде Абор Фатхуллаев жобалардың екі елдің экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, бас консул Түркістан аймағының қазақстандық және өзбек компанияларының қатысуымен бірлескен жобаларды дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін жеткізді.

Өңір әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні Өзбекстаннан Қазақстанға негізінен көкөніс, жеміс-жидек, кептірілген жемістер, текстиль және автокөліктер сияқты тауарлар жеткізіледі, ал Қазақстаннан Өзбекстанға ұн, мұнай өнімдері, металл өнімдері мен цемент импортталады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың қарқынын арттыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу