Түркістан мен Ташкент арасында жоғары жылдамдықты магистрал іске қосылады

1258

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп кәсіпорындар ашады.   

Түркістан мен Ташкент арасында жоғары жылдамдықты магистрал іске қосылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды.

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Түркістан – Шымкент – Ташкент теміржол жолаушылар қатынасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұдан басқа, Өзбекстан аумағына шығатын Мақтарал – Дарбаза жаңа желісін салу жоспарланып отыр. Ол жоба Сарыағаш өткелі пунктінің жүктемесін едәуір азайтады.

Сонымен қатар, Түркістаннан Ташкентке дейін созылатын жаңа жоғары жылдамдықты магистралды іске қосу жоспарланып отыр.

​Сондай-ақ, министр мен елші әуе қатынасы жайын талқылады. Коронавирустық инфекция пандемиясына қарамастан, екі ел арасындағы рейстер тұрақты орындалуда. Болашақта олардың санын ұлғайту, сондай-ақ Өзбекстанның Үргеніш, Самарқан, Нүкіс қалаларынан Қазақстанның Түркістан, Ақтау және Тараз қалаларына жаңа бағыттар ашу жоспарда бар.

Инфрақұрылымдық жобалардан бөлек кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік жобаларға назар аударды. Тараптар Қазақстандағы машина жасау саласына маманданған, сондай-ақ Өзбекстан аумағында фармацевтикалық өнім шығаратын бірлескен кәсіпорындар құрмақшы. Сондай-ақ, Шымкентте дәрілік заттар және гигиеналық бұйымдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда.

Екі ел жеңіл өнеркәсіп саласын да тиімді дамытуда. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап "Alliance" ТПК " ЖШС Қазақстан-Өзбекстан бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Ол 2020 жылы 510 тоннадан астам мақта талшығын өңдеп, 420 тоннадан астам жіп өндірді.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне жаңа жобаларды іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, өзара қарым-қатынастардың одан әрі жемісті дамитынына үміт білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу