II халықаралық "Исабеков әлемі" театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналаған "Бөрте" спектаклі бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестивальге 3 шетелдік және 3 отандық театр қатысты.
"Бөрте" спектаклінде Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Қойылым декорацияның шынайлығымен, сахналық киімдердің тартымдылығымен ерекшеленген. Туындының режиссері - италиялық Давиде Ливермор, көркемдік жетекшісі - Айнұр Көпбасарова.
Спектакльде басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Лейло Ақназар, Әділ Ахметов, Қонысбек Бекайдаров, Зәмзагүл Бекайдарова және т.б. актерлер сомдайды.