Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешендер саны бойынша алда тұр

1264

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бір жылда 0,9%-ға өсті.  

Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешендер саны бойынша алда тұр

Елімізде 2020 жылдың қаңтарына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші ретінде 17,4 мың заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелді. Finprom.kz мәліметінше, осы сектордағы компаниялар саны бір жылда  5,3%-ға өскен.

Сондай-ақ, республикада 219,4 мың шаруа және фермерлік қожалық тіркелсе (жылдық өсім – 8,1%), ауылдарда, ауылдық округтер мен кенттерде 1,6 млн үй шаруашылықтары (жылдық өсім – 0,2%) есепке тұрған.

Олардың ішінде жұмыс істеп тұрған ауылшаруашылық тауар өндірушілер – 13,9 мың заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер (жылдық өсім – 7,5%) және 211,7 мың шаруа және фермерлік қожалық (жылдық өсім – 7,7%).

Ең көп жұмыс істейтін заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан. Ал Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жұмыс істеп тұрған фермерлік және шаруа қожалықтары көбірек шоғырланған.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан арасында жалпы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру 5,2 трлн теңгені құрады. Ал нақты көлемнің өсімі 0,9% болды.

Жалпы өнім көлемі бойынша ТОП үштікке Алматы (852 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (631,9 млрд теңге) және Түркістан (627,5 млрд теңге) облыстары енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу