Түркістан облысы әкімдігі кеденшілердің ақша бопсалауын жоққа шығарды

847

Бұған дейін телеарналардың бірі "Бауыржан Қонысбаев" кеден бекеті алдында 6-7 шақырымдық кептеліс үзілмейтінін, кеденшілердің  мөлшерден тыс уақыт тексеретінін, ақша алатынын хабарлаған болатын.

Түркістан облысы әкімдігі кеденшілердің ақша бопсалауын жоққа шығарды

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне және кеден бекетіне Өзбекстан Республикасы жүргізушілері тарапынан ақша бопсалау туралы арыз-шағымдар келіп түспеген. БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты әкімдік осылай жауап берді.

"2018 жылдың 11 қазаны түнгі сағат 01:00 де "Б.Қонысбаев" кеден бекетіне кіреберіс жерде  Қазақстан Республикасы жағынан шамаммен 200-ге жуық көлік құралы кептелісте тұрған. Бір тәулік ішінде кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына 152 жүк, 17 жеңіл автокөлік, яғни 169 көлік өткізілді. Кеден бекетінен өтетін әрбір автокөлікті тексеруге 7-9 минут кетеді. Қазіргі таңда кеден бекетінде кезекшілікке түсу кестесі күшейтілген тәртіпке және екі тәуліктік режимге ауыстырылды. Аталған мәселе департаменттің қатаң бақылауына алынған. Сонымен қатар, тасымалдаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр", - делінген өңір әкімдігі сайтында.

Айта кетсек, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша,  Өзбекстан Республикасымен шектесетін 6 кеден бекеті бар. Соның ішінде автокөлік құралдары бойынша "Қазығұрт", "Жібек Жолы", "Қапланбек", "Б.Қонысбаев", "Атамекен" бекеттері жұмыс істесе, темір жол вагондары бойынша  2 бақылау  пункті орнатылған.

Бұған дейін телеарналардың бірі "Бауыржан Қонысбаев" кеден бекеті алдында 6-7 шақырымдық кептеліс үзілмейтінін, кеденшілердің  мөлшерден тыс уақыт тексеретінін, ақша алатынын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу