Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

2128

Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев пен Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев 1977 жылдың 14 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің "халықаралық құқық", 2007 жылы "Парасат" қазақ көпсалалы институтының "экономика", Мадрид қаласындағы "Instituto de Empresa" халықаралық бизнес-мектебінің "Executive MBA" (бизнес кәсібиді оқыту бағдарламасы) мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1996 жылы Астана қаласында "Эльмора" ЖШС-нің заң кеңесшісі болып бастаған.

2000 жылдардан бастап Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Заң институтының заңгерінен бастап, "Самұрық Қазына" АҚ-ның аппарат басшысы, "Самұрық Қазына" АҚ-ның Адами ресурстарды басқару басқармасының басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып қызмет еткен.

2019 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарып келген.

2009 жылы "Ерен еңбегі үшін", 2016 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

Ұ.Тәжібаев ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, жұмыспен қамту  және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек инспекциясы, шекара және шекара маңы мәселелерін шешу, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салаларына жауапты болады.

Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы 1980 жылы 30 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі –  жоғары. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің "шетел тілін білетін журналист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек  жолын 1999 жылы "Қазақстанның телеарна және радиосы" республикалық корпорациясында бастаған. 
2000 жылдардан бастап Қазақстанның телеарна және радиосы" республикалық корпорациясында  түрлі лауазымдарда істеген.
2002 жылы "Астана" телеарнасында қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" барлау-өндіру АҚ ақпарат-талдау орталығының баспасөз қызметінде; 
2008 жылдан бастап "ҚазАгро Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ  баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы; 
2011 жылдан ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс  басқармасының басшысы; 
2016 жылдан 2018 жылға дейін түрлі жеке компанияларда және "КазАгроМаркетинг" ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болған.
2019 жылдан бастап, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 
2015 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу