Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1918

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған.

Білімі: Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті (1998-2002) заңгер, Ломоносов ат. Мәскеу  Мемлекеттік Университеті (2005-2006) экономист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2010-2011), Дьюк Университеті (АҚШ, Дарем 2014-2016) – халықаралық саясат магистрі.  

Мемлекеттік қызметте алған тәжірибесі мол.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу