Түркістан облысы әкімінің орынбасарына қатысты агенттік пікір білдірді

1095

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақырылғанын мәлімдеді.  

Түркістан облысы әкімінің орынбасарына қатысты агенттік пікір білдірді

Әлеуметтік желілер мен бірқатар телеграм каналдарда түркістандық шенеуніктің үстінен "қылмыстық іс қозғалыпты" деген ақпарат тарады. Бірі лауазымды тұлғаның парамен ұсталғанын жазса, енді бірі оның денсаулығына байланысты ауруханада жатқанын жариялады.

Көптің талқысына түскен ақпаратқа  жемқорлықпен күресушілер нүкте қойды.

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз.

Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды.

Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады", деп ресми мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ал Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Мейіржан Мырзалиевтің қазіргі таңда жұмыс орнында емес екенін растап, оның денсаулығына байланысты еңбек демалысында екенін жеткізді. Ол "гипертониялық криз" диагнозымен ауруханада жатыр екен.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу