Түркістан облысы қосымша қаражат бөле алмайды

797

"Бала құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин Түркістан облысында спорт үйірмелеріне ақша аз бөлінетінін айтты. Қазіргі уақытта қаражаттары таусылған екен. Балалар үйірмелерге жазыла алмай отыр. Бұл мәселені қалай шешіп жатырсыздар?". Бұл – sotreport.kz сайты журналисінің Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке қойған сұрағы.

Түркістан облысы қосымша қаражат бөле алмайды

Айта кетейік, ОртКом қызметінде баспасөз конференциясы болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Иә, бұл айтылған сынды ішінара әділетті деп санаймыз. Білім мен мектепті қаржыландыру мәселесі біздің облысқа ауыр. Өйткені бала саны (500 мың) мен мектеп өте көп. Иә, бұқаралық спортты дамыту – Президент тапсырмасы. Онымен шұғылданып жатырмыз", – деген Облыс әкімі Шөкеев футбол бойынша өңірдің жетістіктерін жіпке тізді. 

Алайда журналист сұрағын нақтылағаннан кейін, биыл үйірмелерге ақша бөле алмайтынын айтты.

"Жыл соңында бюджеттен көп ақша бөлу мүмкін емес. Келесі жылы міндетті түрде бөлеміз", – деді ол.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу