Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді

905

Бүгін Түркістан облысында коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды.  

Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді

Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қңір тұрғындары үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек. Бұл – Түркістан облысы әкімініңң Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия отырысында берген тапсырмасы.

Өмірзақ Шөкеев облыс көлемінде шектеу шараларын күшейту бойынша бірқатар жұмыстарды қолға алуды тапсырды.

Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметтері бойынша, осы уақытта Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр. Ал еліміз бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 500-ге жетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу