Түркістан облысы ет экспорты бойынша бірінші орында тұр

406

Өңірде ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды

Түркістан облысы ет экспорты бойынша бірінші орында тұр Фото: qanagatnews

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Облыста мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл "Ауыл аманаты" жобасы іске асырылуда. Республикалық бюджеттен облысқа 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді. 

Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, отбасылардың орташа табысы табысы 1,5 есеге өседі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға азайып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 10%-ға ұлғаяды деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу