Түркістан облысы халық саны бойынша республикада көш бастап тұр

687

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді. 

Түркістан облысы халық саны бойынша республикада көш бастап тұр Фото: aikyn.kz

Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құрады.

2023 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құраған. Оның ішінде қала халқы – 527 633 болса, ауыл халқының үлесі – 1 613 293.

"Өңірде қаңтар-қараша айларында 51 145 бала туған. Оның 26 323-і – ұл болса, 24 822-сі – қыз. Бүгінде облыс демографияны көтеру бойынша республикада көш басында, оның үлесі 14,3% құрап отыр",-деді Нұрқожа Ермекұлы.

Бұдан бөлек, спикер өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 10 826 неке тіркелгендігін айтты. Сондай-ақ, 2023 жылы тіркелген ажырасулар саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға кемігенін жеткізді.

Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында көші-қонмен облысқа 35 953 адам келген. Оның ішінде 35 473 адам – Қазақстанның басқа облыстарынан, 473 адам – ынтымақтастық елдерінен, 7 адам – алыс шет елдерден қоныс аударған. Жалпы облыс ішіндегі көші-қон 40 373 адамды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу