Түркістан облысы инвестиция тартудан көш бастады

763

Негізгі капиталға салынған инвестиция 0,1%-ға артты.  

Түркістан облысы инвестиция тартудан көш бастады

"Қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 28,2 млрд долларды құрады. Экспорт 18,4 млрд долларды, импорт 9,8 млрд долларды көрсетті. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,0%-ға ұлғайды", – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында.

Оның дерегінше, өнеркәсіп өндірісі 4,8%-ға артқан. 

"Ең жоғары өсімді Атырау (14,1%) және Қостанай (11,2%) облыстары көрсетті. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-11,1%), Ақтөбе (-1,7%), Маңғыстау (-1,6%) облыстары және Шымкент қаласы (-3,9%)", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, өңдеу өнеркәсібінде де іркіліс жоқ. Оң көрсеткіш 4,9%-ды құрап отыр. 

"Фармацевтика (21,2%-ға), машина жасау (өсу 18,5%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (12,3%-ға) және жеңіл өнеркәсіп (10,8%-ға) өсімнің жоғары қарқындарын көрсетті. Өңірлер бойынша жоғары өсім Қостанай (21,1%-ға), Түркістан (16,3%-ға), Қызылорда (13,4%-ға) және Атырау (12,1%-ға) облыстарында байқалады.5 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Ақтөбе (-5,3%), Маңғыстау (-3,7%), Жамбыл (-2%), Шығыс Қазақстан (-0,5%), облыстарында және Шымкент қаласы (-4,9%)", – деді Руслан Дәленов. 

Белгілі болғандай, инвестиция бойынша 15 өңір өсім көрсеткен. Бұл туралы министр: "Түркістан облысында инвестиция 2 есеге жуық, Ақмола облысында – үштен бірге өсті. 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда 
(-49,1%) және Атырау (-11,1%) облыстары. Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 0,1%-ды құрады", –  деді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу