Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы - журналист, құқықтану. Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық "Оңтүстік Қазақстан" қоғамдық-саяси газетінің редакциясы" МКК-нің директор – бас редакторы, "Айқын-Литер" ЖШС "Айқын" газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, "Елордалық "Астана" журналы" ЖШС бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған. Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етіп келді.