Түркістан облысы: Кентауда көпқабатты үйлер газға қосыла бастады

579

Түркістан облысы, Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан он көпқабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер газға қосылуға дайын. 

Түркістан облысы: Кентауда көпқабатты үйлер газға қосыла бастады

Көпқабатты тұрғын үйлердің газ тарату шкафтарын газбен толтыру жұмыстары іске қосылды. Енді әр пәтер тұрғындары "КазТрансГаз Аймақ" АҚ "Кентау Газ Шаруашылығына" барып, дербес шот ашу арқылы үйлерін газға қоса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Газды құбырларын жасаған мердігер жеке-жеке қосады. Ол үшін әр пәтер тұрғындары үйде болу керек. Газға қажетті пеш дайын болуы қажет. Мамандар әбден тексеріп, қосуға дайын деген кезде кезең-кезеңімен пәтерлерді қосамыз", – деді Түркістан облысы бойынша "КазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалының директоры Ержан Балабеков.

Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-на 2 063 абонент тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Қалада 200-ден аса абонент газбен қамтылған.

Жалпы қаланы табиғи газбен қамтудың ІІ кезеңі нысанында қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оны биыл тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу