Түркістан облысы: құлаған 5 338 электр бағанасы қалпына келтірілуде

949

Түркістан облысында қатты жауған жаңбыр мен соққан желдің салдарынан зақымданған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы: құлаған 5 338 электр бағанасы қалпына келтірілуде

Наурыз айының 13-14 күндері ауа райының қолайсыздығынан аудан, қалалардағы 5 338 электр бағанасы құлап, 100-ге жуық елдімекен жарықсыз қалған. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбековтың айтуынша, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 260 млн теңге қаражат бөлінген.

"Оқиға салдарынан Арыс, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарының электр желілеріне айтарлықтай зиян келді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен зардаптың салдарын жою бойынша арнайы штаб құрылып, тиісті шаралар дер кезінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде "KEGOC" АҚ-ға қарасты 110 дана электр бағанасы толығымен орнатылып, іске қосылды. Сондай-ақ, 62 дана СК-26 маркалы электр бағаналары және 3 400 дана оқшаулағыш жеткізілді. Тасымалдау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда", – деді Б. Әнуарбекұлы.

Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 170-тен астам техника, 473 адам жұмылдырылған. Жауапты мамандар жөндеу жұмыстары 10 сәуірге дейін толық аяқталатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу