Түркістан облысы Қытайдан туристерді тасымалдауға арналған автобус алады

1180

Автобустар "BYD" батареялары көмегімен жұмыс істейді және қуаты 200 шақырымға жетеді. 

Түркістан облысы Қытайдан туристерді тасымалдауға арналған автобус алады

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев қытайлық "BYD" компаниясының өкілдерімен Түркістан қаласында шоғырланған тарихи-мәдени орталықтарға туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік ендіру мәселесі бойынша кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу нәтижесінде өңірге ұзындығы – 12 метр, ал сыйымдылығы – 82 жолаушы болатын екі деңгейлі туристік электрлік автобус жеткізілетін болды.

Айта кетерлік жай, бұл автобустар "BYD" батареялары көмегімен жұмыс істейді және қуаты 200 км-ге жетеді. Бұл Түркістанның экологиялық жағдайы тұрғысынан алғанда жағымды қалаға айналуына өз үлесін қосады деп күтілуде.

"BYD" өкілдері автобустарды биылғы жылдың соңына дейін толық тасымалдайтынын баяндады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу