Түркістан облысының мектептеріне 232 млн теңгенің айыппұлы салынды

673

2021-2022 жылғы оқу жылында 702 мектепке тексеріс жүргізілген.  

Түркістан облысының мектептеріне 232 млн теңгенің айыппұлы салынды

Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 232 млн теңгенің 614 айыппұл салынып, ұйғарымдар берілді. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшірілді, қалған объектілер бойынша шешімдер жақын арада қабылданбақ, деп жазады inbusiness.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, балалар санының тығыздығын болдырмау үшін өңірде үш ауысымда оқытатын 11 мектептің бірі екі ауысымға ауыстырылды.

Айта кетейік, облыстағы 16 мектепте дәретхананың сыртта орналасуы – әлі де өзекті мәселе. Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл проблеманы жауапты мекемелер алдында көтеруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу