Түркістан облысы прокурорының өлім себебі айтылды

974

Бас прокуратура Марат Әлихановтың өліміне қатысы түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркістан облысы прокурорының өлім себебі айтылды Фото: gov.kz

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Марат Әлиханов жүрек талмасынан көз жұмған.

Түркістан облысының прокуроры 9 наурыз күні таңертең өз кабинетінде қайтыс болды. Ол 58 жаста еді. Бас прокуратура Марат Әлихановтың кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Марат Әлиханов 2020 жылдың ақпан айынан бері Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарып келген.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының прокуроры қайтыс болғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу