Түркістан облысы Созақ ауданында жол бойында жануарлардың муляждары қойылды

638

Созақ ауданындағы ең қауіпті саналатын облыстық маңызы бар жолдардың бойына үй жануарларының муляждары орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Созақ ауданында жол бойында жануарлардың муляждары қойылды

Атап айтқанда, Шолаққорған – Шымкент бағытына 2 дана, Шолаққорған- Түркістан бағытына 1 дана және Шолаққорған -Таукент бағытында 1 дана белгі қойылды. Аталған жолдардарда ірі қара мал көп жүреді. Ірі қара малдың макеті алыстан анық әрі шынайы көрінеді. Бұндай жылдамдықты бәсеңдетуге ескерту жасайтын белгілер ауданда алғаш рет тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қойылып отыр.

"Белгілер жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында орнатылды. Түйе, жылқы, сиырдың муляжын арнайы мал жайылымы тұсына орнаттық. Себебі бұл аймақтарда ірі қара мал мен көлік соқтыққан жағдайы кездесіп қалады. Алдағы уақытта өз нәтижесін беріп, оқыс оқиғаларды азаяды деп сенеміз", дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергенов.

Бұл жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендер арасында ірі қара және майда малдың макеттерінің санын арттыру жоспарлануда. Мұның барлығы аудан халқына және келуші қонақтарына жол қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, оқыс оқиғалардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу