Түркістан облысы тұрғынының 25 жылқысы жоғалып кеткен

174

Шығынның жалпы құны шамамен 15 миллион теңгеден асады.

Түркістан облысы тұрғынының 25 жылқысы жоғалып кеткен Фото: Polisia.kz

Ол Сауран аудандық Полиция бөліміне хабарласып, көмек сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері жылқыларды жедел іздестіруге кірісті. Жол талғамайтын қызметтік көлікпен егістік алқаптар мен жайылымдық жерлерді қарап шықты.

Таңертеңнен кешкі уақытқа дейін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жылқылар 30 шақырым қашықтықта орналасқан алқаптан табылды. Тәртіп сақшылары жылқыларды иесіне табыстады.

– Қандай қуанышты жаңалық. Криминалдық полицияның жігіттеріне алғысым шексіз. Жоғымды тауып, сүйінші жаңалық әкеліп тұр, – дейді тұрғын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу