Түркістан облысына 30 елден білікті дәрігерлер келді

848

Түркістан облысына 30 елден білікті дәрігерлер келді

Түркістан облысында әлемнің 30-ға тарта алпауыт елдерінен келген білікті дәрігерлер бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ, Англия, Германия, Ресей секілді мемлекеттердің мамандары 7 күн бойына аудандық ауруханаларды аралап, тегін кеңес беретін болады.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы  басшылығының қолдауымен жүзеге асырылған бұл бастамаға шетелдік дәрігерлер бірауыздан қолдау көрсетті. 

Қонақтар ең алдымен облыстық клиникалық ауруханада өткен халықаралық медициналық конференцияға қатысып, өңірдегі бірқатар медициналық мекемелердің жетекшілерімен жүздесті. Аймақта жиі кездесетін ауру түрлерімен танысып, оны емдеудің жолдарын қарастырды.  Мұхит асып келген мамандар әсіресе онкология, педиатрия, ревматология,  стоматология, терапия және гастроэнтерология бойынша түрлі кеңестерін берді. Бүгін шетелдік дәрігерлерден құралған топ Сайрам ауданына барып, ондағы науқастарды қарайды деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу