Түркістан облысына Өзбекстаннан кезекті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді

859

Дәрі-дәрмектердің жартысы аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, қалғаны әкімдіктермен меморандумға отырған дәріханаларға беріледі.  

Түркістан облысына Өзбекстаннан кезекті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді

Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен кезекті рет дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы қолданылатын препараттар бар.

Аталған қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.
 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу