Түркістан облысына Түркиядан дәрі-дәрмек жеткізілмек

731

Өзбекстаннан екі жүк көлігімен дәрілік препараттар әкелінді.  

Түркістан облысына Түркиядан дәрі-дәрмек жеткізілмек

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймаққа Өзбекстаннан, Түркиядан дәрілік препарарттар жеткізіліп, олардың тапшылығын ретке келтірілетінін мәлімдеді.

"Шілде айына арналған дәрі қоры 2-3 күнде сатылып кетті. Сондықтан облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөліп, Өзбекстан үкіметімен байланысып, ол жақтан арнайы дәрілер алып келуге келістік. Бүгін облысқа екі жүк көлігімен дәрі келді. Оның ішінде антикоагулянттар бар. Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен Түркия мемлекетімен байланысып, ол жақтан антибиотик сынды күрделі дәрілер алып келетін болдық. Өңірге екі айға қажетті дәрі қоры бір аптада облысқа жеткізілмек", – деген өңір басшысы дәрілер нақты бағамен, бір қолға белгіленген шекті мөлшермен ғана сатылатынын ескертті.

"Біздің алып жатқан жерлерімізден өзге де облыстар дәрі алуға өтініш білдіріп отыр. Сондықтан тек Түркістан облысына емес, басқа да облыстарға көмек ретінде дәрілер жеткіземіз", – деді Өмірзақ Шөкеев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу