Түркістан облысынан Алматыға бағытталған барлық көлік қозғалысы шектелді

134

Бұл шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр.

Түркістан облысынан Алматыға бағытталған барлық көлік қозғалысы шектелді Фото: kazpravda.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңір полицейлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол шетіне шығып кеткен автокөліктерге көмек көрсетіп жатыр.

– Көршілес облыстарда қалың қар жауып, республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы қиындауына байланысты Шымкент бағытынан Тараз және Алматы қалаларына қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері өңір тұрғындары мен қонақтарын жол ережелерін қатаң сақтауға, алыс жолға шықпауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу