Түркістан облысынан ШҚО-ға "көшкен" 4 азамат істі болды

1008

"Еңбек" бағдарламасының қаражаты жымқырылған.

Түркістан облысынан ШҚО-ға "көшкен" 4 азамат істі болды

Түркістан облысынан Шығыс Қазақстанға "Еңбек" бағдарламасы бойынша қоныс аударған 4 азамат қаражат қолға тигеннен кейін қайта көшіп кеткен. Олардың ШҚО-дан сатып алған үйлерінің иелері баспаналарын ешкімге сатпағандарын айтып отыр. Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратура осындай былықтың бетін ашты. 

"Қазына" жедел-алдын алу іс-шарасының аясында "Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір фактісі  анықталды. 2019 жылы бағдарламаға қатысушы Түркістан облысының 4 азаматы ШҚО-ға көшу ниеттері жоқ бола тұра, Тарбағатай ауданының Еңбекпен қамту орталығына жалған құжаттар, атап айтқанда, Тарбағатай ауданында тұрғын үйлерді сатып алу туралы ниет шарттарын ұсынған. Сатып алу туралы ниет шарты нотариалды түрде ресімделген тұрғын үй иелері өздерінің үйлерін сатқандарын теріске шығарып отыр", – деп жазады экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі. . 

Қаражат есеп шоттарына түскеннен кейін, аталған азаматтар бағдарламаның талаптарын сақтамастан, Түкістан облысындағы бұрынғы тұрғылықты мекендеріне көшіп кеткен. 

"Қазіргі уақытта бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша ҚР ҚК 189 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген ресми мәліметте.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу