Түркістан облысында 1,8 млн теңгенің алкоголь өнімі заңсыз саудадан тәркіленді

315

Тауарларға фискальды чек берілмеген. 

Түркістан облысында 1,8 млн теңгенің алкоголь өнімі заңсыз саудадан тәркіленді Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2023 жылдың тамыз айында қоғам белсендісінен арыз түсті. Арызда Түркістан облысында бірнеше ауандарда орналасқан сауда дүкендерінен сатып алынған тауарларына фискальды чек бермегендігі көрсетілген.

Осыған орай бірнеше 6 аудандағы сауда орындарында бақылау-кассалық машиналарының және алкоголь өнімін сатуға тиісті құжаттары бар-жоғына көз жеткізу үшін тексеру тағайындалды.

Нәтижесінде Шардара ауданында орналасқан, арызда көрсетілген сауда орындары тиісті құжаттарсыз яғни лицензиясыз құны 1,8 млн теңгенің 1 589 шөлмек алкоголь өнімдерін сатқаны анықталып, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу