Келес ауданындағы ауылдардың бірінде егістік алқабынан есірткі тектес өсімдік – көкнәр табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Егістік тікенді металл сымдарымен қоршалып, көкнәр жүгері арасына араластырылып егілген.
Полицейлер айғақ зат ретінде 7 мың түптен астамын тәркіледі. Оның жалпы салмағы 300 кг-нан асты.
Оқиға орнында құрықталған ағайынды екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу