Былтыр Түркістан облысында 1034,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оның ішінде мақсатсыз пайдаланылған 412,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылса, 622,6 мың гектарды қайтару ірі жер пайдаланушылармен меморандум жасау арқылы жүзеге асқан.
"Былтыр заңсыз табысталып, пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз жолданған. Оның 45-і оң шешімін тауып, 4751,6 гектар жер мемлекетке меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп 521,7 мың гектар жайылым және егістік үшін шаруаларға үлестірілді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Өңірдегі жайылым жердің жалпы аумағы – 8 млн 860,4 мың гектар.