Түркістан облысында 1 млрд теңгеге жуық субсидия жымқырылған

305

Жалған есеп арқылы сүт көлемі 8 есе артық көрсетілген.

Түркістан облысында 1 млрд теңгеге жуық субсидия жымқырылған Фото: egemen.kz

Түркістан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды заңсыз алу деректерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Прокуратура мәліметінше, Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштен 8 есе артық көрсеткен.

Аталған фактілер бойынша аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа қатысты екі қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды.

Қазіргі уақытта төрт күдіктіге қатысты бір қылмыстық іс аяқталған. Оның аясында бюджетке 40 млн теңге қайтарылып, құны 100 млн теңгеден асатын күдіктілердің мүлкіне тыйым салынған.

Екінші қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу