Түркістан облысында 10-ға жуық пәтерді тонаған ұры ұсталды

1138

Полицейлер Түркістан облысының үш ауданында 10-ға жуық пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында 10-ға жуық пәтерді тонаған ұры ұсталды

Осы жылдың қаңтарында Сайрам ауданының тұрғыны кешкі уақытта екі млн теңгеге жуық ақшасын, алтын әшекейлерін белгісіз біреудің жымқырып кеткенін айтып, арызданған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынып, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын бастайды.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Түркістан облысының полицейлері Арыс, Сарыағаш және Сайрам аудандарында 10-ға жуық пәтер ұрлығын жасаған әккі ұрыны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен қолға түсірді.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе келе, тергеушілер жас жігіттің Сайрам ауданында төрт және Арыс қаласында екі тұрғынның, Сарыағаш аудандарында да бірнеше тұрғынның үйіне ұрланып кіріп, жымысқы әрекетін іске асырғанын анықтады. Күдікті жігіттің пәтер ұрлықтарын үй ішіне терезе арқылы кіріп, қол сөмкелердің ішіндегі ақшаларды жымқырып кететіні белгілі болды. Күдікті қамауға алынды. Одан айғақты зат ретінде брендтік қол сағат алынды және жымқырған заттарын ақшаға айырбастап алу үшін бірнеше ломбардқа өткізіп, түскен қаржыны құмар ойындарына жұмсаған.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу