Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасы 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство мәліметінше, күдіктіге атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген айып тағылған. Қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, сондықтан оған іздеу жарияланған болатын.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу