Түркістан облысында 100 мыңнан астам азаматтан Сovid-19-ға сынама алынған

825

Өңірде коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген.

Түркістан облысында 100 мыңнан астам азаматтан Сovid-19-ға сынама алынған

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысында  100 136 адам коронавирус бойынша тексерілді. Өңірде полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен жалпы 7 зертхана жұмыс істейді. Сovid-19 вирусын анықтау үшін әр зертханада тәулігіне 500-дей азаматтан сынама алынады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Арыс, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Жетісай, Ордабасы аудандарындағы қосымша 6 зертханада ПТР құрылғылары орнатылып, талдама алына бастады.

Жалпы, Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Соңғы мәліметтер бойынша, бір күндік өсім 0,7 пайызды құрады. Яғни, жағдай тұрақталып, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген. COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 2835 құраса, оның ішінде 2 282 емделуші, не, 80,5% жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу