Түркістан облысында 100 жасқа толған кейуанаға құрмет көрсетілді

717

Азтай Түкенбаева – көпбалалы ана, тыл және еңбек ардагері.   

Түркістан облысында 100 жасқа толған кейуанаға құрмет көрсетілді Фото: Кентау қаласы әкімдігі

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов 100 жасқа толған Азтай Түкенбаеваның шаңырағына барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азтай Түкенбаева 1924 жылы Кентау қаласы Хантағы ауылында дүниеге келген. Жолдасы Аманқұл Түкенбаев тыл ардагері болған, 75 жасында дүниеден өтті. Ғасыр жасаған ана 4 қыз, 3 ұлды өмірге әкелді. Кейуананың 15 немересі, 23 шөбересі бар. 

Ақпаратқа сәйкес, шаһар басшысы ғасыр жасаған анаға құттықтау хат және арнайы сый-сияпат табыс етті. Ақ жаулықты ана Азтай Түкенбаева қала басшысына алғысын айтып, ақ батасын берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу