Түркістан облысында 130-дан астам учаске заңсыз рәсімделген

644

Нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден аса залал келтірілді.

Түркістан облысында 130-дан астам учаске заңсыз рәсімделген

Түркістан облысында 100 га құрайтын 130-дан астам учаске заңсыз рәсімделген. Бұл туралы облыс прокуратурасының алқа отырысында белгілі болды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Прокуратура өкілдері әкімдіктердің жер қатынастары саласындағы жұмысының тиісті деңгейде атқарылмайтындығын, жер учаскелерін ұсыну кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгендігін  атап өтті. Осылайша, рәсімделген жалған құжаттардың негізінде Сайрам ауданында жер заңнамасы талаптарын сақтамай 50 га жер учаскесін 400 жеке тұрғын үй салуға арналған учаскелерге бөлшектеуге жол берілген.Түркістан қаласында жер телімдерін аукциондар мен конкурстар арқылы ұсыну жөніндегі комиссияның жалған хаттамалары негізінде алаңы 100 га құрайтын 130-дан астам учаске заңсыз рәсімделген. Нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден аса залал келтірілді.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген деректер бойынша тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Сонымен бірге бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қолға алынды.

Биылғы жылдың алты айында прокурорлармен қабылданған шаралар нәтижесінде 73 тұлға түрлі жауапкершілікке (тәртіптік, әкімшілік) тартылып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңге 19 мыңнан астам гектар жер учаскелері қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу