Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлағандар ұсталды

2571

Жедел уәкілдер 3 күдіктіні, яғни Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұстады, олардың бірі - малдарды сатып алушы.    

Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Мал ұрлаушылардың Бәйдібек ауданында орналасқан жайылымнан 14 жылқыны жымқырғаны анықталды. Жалпы шығын 4 млн теңгеден асты.

Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған жылқыларды, ГАЗель автокөлігін және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.Сондай-ақ олардың Қызылорда облысының аумағында басқа да 2 мал ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр", — деп жазды Polisia.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу