Түркістан облысында 15 мыңнан астам бала мектепке жаңа автобустармен қатынайды

759

Түркістан облысында оқушылар тасымалданатын 56 ауыл мен бастауыш сыныбы ғана бар 124 елді мекендегі жалпы 15 мыңнан астам бала енді мектепке арнайы жаңа автобустармен қауіпсіз қатынайды. 

Түркістан облысында 15 мыңнан астам бала мектепке жаңа автобустармен қатынайды Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Әсіресе, таулы аймақтар мен шалғай елді мекендері бар Түлкібас, Келес, Ордабасы, Жетісай, Сайрам аудандарындағы отбасылардың оқушылары тасымалданады. 

Тасымал мәселесі тек ата-аналардың ғана емес, біздің де көкейімізде жүрген өзекті тақырып болатын. Өйткені, өңір бойынша 19 автобус қана жұмыс істеп келді.  Мұнан өзге 169 автокөлік мердігерлер есебінен жүргізілуде. 

Мемлекет басшысы "Балалар жылы" аясында білім сапасын арттыру және балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды тапсырған еді. Тікелей бастамасымен республика бойынша 515 бірлік автобуспен жабдықтау жоспарланып, бүгінде оның 101-і Түркістан облысына беріліп отыр. Оның 71-і бүгін тапсырылды. Қалған 30 автобус жыл көлемінде қолданысқа беріледі. 

Соңғы үлгідегі кең, жайлы автобустар мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, қауіпсіздік белдіктерімен, қозғалысты тежейтін механизммен қамтамасыз етілген. Бір уақытта 20 баланы тасымалдайды. 

"Наурыз" мейрамына арналған жоспарымызда осы күнге "Наурыз – жаңару айы" деген атау беріліп, іс-шара тақырыбына сай өткізілді. Қоғамдық көлік кілттерін аудан-қалалық білім бөлімі басшыларына тапсырған облыс әкімі Дархан Сатыбалды жас ұрпақтың, жаңа буынның еш кедергісіз білім алуына жағдай жасау жалғасатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу