Түркістан облысында 1500-ден аса жасқа кәсіп ашуға қайтарымсыз грант беріледі

1615

Грант "Еңбек" бағдарламасы аясында бөлінеді. 

Түркістан облысында 1500-ден аса жасқа кәсіп ашуға қайтарымсыз грант беріледі

Түркістан облысында 3 мыңнан аса адамға кәсіп ашу үшін 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Еңбек" бағдарламасы аясында кәсіп ашуға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 АЕК (583 мың 400 теңге, 1 АЕК – 2 917 теңге) көлемінде 3100 азаматқа, оның ішінде 1553 жасқа грант беру көзделіп отыр. 

"Биыл 1 шілдеге дейін 2500 адам грант алды (81%). Оның 950-і жас, 79 мүгедек, тұрмысы төмен 919 адам, көпбалалы 300 адам, 6 қандас, пробация есебінде тұрған 1 адам, 245 басқа санаттағы тұрғын", - деп жазылған хабарламада.

Грант алушылардың 218-і кәсіпкер ретінде тіркелген, қалған 2282 адам бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып саналады.

Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік грант алған күннен бастап салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын растауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу