Түркістан облысында 159 нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді

545

Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқығын қамтамасыз ету аясында 517 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бейімделді 

Түркістан облысында 159 нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді Фото: google.com

Оның ішінде 159 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санатына толық бейімделген, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін 1294 нысандарды бейімдеу көзделіп отыр. 

"Бүгінгі таңда 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 объектінің 517-сінде жергілікті атқарушы органдар тиісті іс-шараларды жүргізді. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында аталған 517 объектінің 159-ының толық бейімделгені расталды", - делінген хабарламада.

Мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін қолжетімді:

- мемлекеттік мекемелер – 63;

- денсаулық сақтау объектілері – 28;

- білім беру объектілері – 17;

- әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де объектілері – 51.

Бұдан бөлек 358 нысан ішінара бейімделген деп танылды. Олар бойынша 802 бұзушылық анықталды.

Жыл аяғына дейін 259 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу