Түркістан облысында 16 заңсыз ойын орны анықталды

605

1,2 млн теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп алынды.

Түркістан облысында 16 заңсыз ойын орны анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "STOP-ойын" жедел-алдын алу шарасы шеңберінде соңғы екі аптада Сарығаш, Түркістан, Кентау және Жетісай қалаларында 16 заңсыз ойын орнының жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

"Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесінде заңсыз ойын орындарынан 39 теледидар, 71 процессор, 69 монитор, чек шығаратын 25 принтер және 12 сканер, 1,2 млн теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп алынды",– дейді баспасөз қызметінен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу