Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Департамент мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.
"Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.