banner

Түркістан облысында 164,5 мың гектарға күздік егіс егілді

1272

Ал 67,2 мың гектарға жаздық дақыл егілген.

Түркістан облысында 164,5 мың гектарға күздік егіс егілді

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 823,3 мың гектарға, яғни өткен жылдан 9,8 мың гектарға артық егу жоспарлануда. Бұл туралы көктемгі дала жұмыстары бойынша мәлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында күздік егіс 164,5 мың гектарға егілді. Жер айдау жұмыстары 510,8 мың гектарға жоспарланып, 501,2 мың гектар жер айдалды. Жер айдау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінгі күнге 67,2 мың гектар жаздық дақыл егілді. 

"Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасы 193 мың теңгеден 38 мың тонна жанар жағармай бөлініп, операторлар анықталды. Агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғанда литріне 165-167 теңгеден босатылуда. Бұл нарықтық бағадан 22-24 теңгеге арзан", – деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу