Түркістан облысында 19 млрд теңгелік авиаотын базасы салынады

299

Кәсіпорын іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашылады.  

Түркістан облысында 19 млрд теңгелік авиаотын базасы салынады Фото: gov.kz

Түркістан облысының Сауран ауданында авиаотыны мен жанар-жағармай материалдарын сақтау базасы салынады. Жобаның жалпы құны 19 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС директорының бірінші орынбасары Ерлан Ахмолдиннің кездесуінде талқыланды. Кездесуде жобаның қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар қаралды.

"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС базаны Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын іске қосылған кезде 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жобаның жалпы сақтау қуаты 19 мың текше метрді құрайды. Оның ішінде 12 мың текше метрі ТС-1, РТ және JET A-1 маркалы авиациялық отындарға арналған.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға қажетті 10,93 гектар жер телімін бөлу мақұлданған. Қазір жерге орналастыру жобасы әзірленіп жатыр.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың бірінші тоқсанында бастау жоспарланған. Облыс әкімі жобаның өңір үшін маңызды екенін айтып, оны сүйемелдеу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу