Түркістан облысында 2 адам ботулизмге шалдықты

265

Ауруға шалдыққан адамның бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 

Түркістан облысында 2 адам ботулизмге шалдықты Фото: gemotest.ru

Екі науқас Созақ және Ордабасы аудандарының 34-39 жастағы тұрғындары. Анықталғандай, олар үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр тұтынған. Нәтижесінде екі азаматта да мазасыздану, құсу, бас айналу, жұтына алмау сынды ботулизмге тән клиникалық көріністер байқалған.

Созақ ауданының 34 жастағы тұрғыны ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, Ордабасы ауданының 39 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада ем алып жатыр.

"Аталған жайт бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері емдеу мекемелері тарапынан түскен жедел хабарлама негізінде ауру ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларын жүргізіп, науқастармен байланыста болған азаматтарды тіркеуге алды. Тамақтан уланудың, ботулизмнің алдын алу мақсатында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда адам денсаулығына зиян келтірген оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жалғасуда. Облыстың санитарлық дәрігерлері тұрғындарды консервіленген салаттар мен тұздықтарды тұтынарда, дүкендерден сатып алатын тағамдардың жасалу технологиясы мен дайындалған мерзімдеріне аса мән беруге шақырады!" - деді Түркістан облысының СЭБД басшысы Н. Нышанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу