2 күнде 1,7 мың жол-қауіпсіздігі ережесін бұзу анықталды

1942

Түркістан облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

2 күнде 1,7 мың жол-қауіпсіздігі ережесін бұзу анықталды

Түркістан облысы полицейлері "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 1718 жол-қауіпсіздігі ережесін бұзуды анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 21 қазанда басталған шара 27 қазанда аяқталады.

Полиция қызметкерлері екі күн ішінде облыстың автожолдарында 1718 жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтапты, соның 104-ін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. Жылдамдықты асырғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 10 жайт, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 99 жайт және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 14 дерек анықталды. Көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 215 жүргізуші жазаланды және 251 қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар айқындалды. Сондай-ақ, 32 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 228 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу