Түркістан облысында 2 үндістандық студент суға батып кетті

677

Түркістан облысында өзенге батып кеткен Үндістаннан келген екі студент іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 2 үндістандық студент суға батып кетті

"2022 жылғы 26 маусымда сағат 20:10-да Түркістан облысы ТЖД кезекшілік-диспетчерлік қызметінің пультіне Ханарық ауылынан бес шақырым жерде, Ақсу шатқалы маңында Ақсу өзеніне 16:49-да 2001 жылы туған екі студент белгісіз жағдайда батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті", – деп жазылған департамент мәліметінде.

20 студенттен құралған топ шатқалған Шымкенттен демалуға келген екен.

"Барлығы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқитын үндістандықтар", – дейді департаменттен.

Іздеу жұмыстарына 19 құтқарушы, 10 плолиция қызметкері, 9 бірлік техника тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу