Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды

336

Құтқарушылар баланың денесін сыртқа шығарды.

Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Фото: ТАСС

Түлкібаста екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілдеде Ақсу-Жабағылы ауылында болған.

– Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел медициналық жәрдем қызметі, полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу