Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суына тұншығып көз жұмды

584

Кішкентай бала өз ауласында жаңбыр суы толған шұңқырға құлап кеткен.  

Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суына тұншығып көз жұмды Фото: gov.kz

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Түркістан облысының 3 ауданында (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 ауланы су басып және 13 ірі қара мал қырылған. Бұл туралы inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын жауды. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарындағы жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды. Сонымен қатар Қазығұрт ауылында 2 жасар баланың өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы жаңбыр суы толған шұңқырға құлап, көз жұмғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі аталған үш аудандағы табиғат апатқа байланысты тұрғындарға ескерту жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу