Түркістан облысында 2 жасар бала суару каналына құлап кетті

852

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы суару каналына құлап кеткен 2 жаса бала құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Түркістан облысында 2 жасар бала суару каналына құлап кетті

"2022 жылғы 30 сәуірде кешкі сағат 19:47-де Кентау қаласы Хантағы ауылы Төреқұлов көшесінде 500 мм суару құбырына 2 жасар бала құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала құбырға құлап, 15 метрде тұрып қалғаны анықталды. Құтқару операциясына Түркістан облысы ТЖД  3 құтқарушысы  және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды", - деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, құтқарушылар баланы құбырдың ішінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында", - деді ТЖМ ресми өкілі.

Ол қазақстандықтарға балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу